World News

Алматыда Канье Уэст концерті күні қандай көшелер жабылады?

Алматыда 14 тамызда Канье Уэсттің концерті өтетін Орталық стадион маңында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.Қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, шектеулер сағат 16:00-ден 00:00-ге дейін қолданылады.Қозғалыс мына бөліктерде шектеледі:

Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлігінде;Байтұрсынов көшесінің Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде.

Жүргізушілерден бағытты жоспарлау кезінде шектеулерді алдын ала ескеру сұралады.
Концерт туралы не белгілі?
Канье Уэсттің Алматыдағы концерті туралы әртістің фан-парақшаларының бірінде жарияланғаннан кейін белгілі болды. Кейін бұл ақпаратты кәсіпкер, Karre Ventures және ML1 Records негізін қалаушы Джозеф Карре мен Алматы әкімдігі растады.
Концерт 2026 жылғы 14 тамызға жоспарланған және Ye әлемдік турының бір бөлігі болмақ.
Бұған дейін "Қайрат" футбол клубы еурокубоктың үшінші іріктеу кезеңінің ықтимал үй матчі Алматының Орталық стадионында өтпейтінін хабарлаған болатын.
Бұған америкалық рэпер Канье Уэстің (Ye) концерті себеп болды. Толығырақ біздің материалымызда.
Тағы оқыңыз: Қазылған жолдар мен оқу жылының басталуы: Алматыда кептеліске қалай дайындалып жатыр?

Читайте на сайте