World News

Алматылықтар жер сілкінісін сезінді

Алматы тұрғындары жер асты дүмпулері сезілгенін хабарлап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы олар әлеуметтік желілерде жазды.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, 12 тамызда Астана уақытымен сағат 12:14-те Қырғызстанда магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 6 шақырым тереңдікте орналасқан.
Эпицентр Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 127 шақырым және Нарыннан солтүстік-батысқа қарай 71 шақырым жерде болды.

Сондай-ақ, ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мәліметінше, 2026 жылғы 12 тамызда Астана уақытымен сағат 12:14-те Алматыда 2 балдық жер асты дүмпулері сезілген.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Читайте на сайте