World News

Қазақстандық спортшы Мажарстандағы әлем чемпионатында қола жеңіп алды

Мажарстан астанасы Будапештте көркем жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының шешуші күні өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengri Sport тілшісі Olympic.kz баспасөз қызметіне.
Еркін бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин 257,1201 ұпай жинап, қола медаль иеленді.
Ресейлік Захар Трофимов 267,0426 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші орынды 264,4163 ұпай жинаған испаниялық Энеко Санчес Агилар иеленді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Aquatics.kz (@aquatics.kz) жарияланымы


Айта кетейік, бұған дейін Друзин техникалық бағдарламада да үшінші орын алған болатын.
Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова еркін бағдарламада аралас дуэттер бәсекесінде екінші орынға табан тіреді. Сонымен қатар, қазақстандық дуэт акробатикалық бағдарламада күміс жүлдегер атанды.
Бұған дейін қазақстандық PhD докторанты әрі әуесқой жүзуші Мәди Әділханов ашық суда жүзудегі ең беделді қашықтық - Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен болатын. 15 сағатқа жетпейтін уақытта 40 шақырымнан астам қашықты бағындыру - елдің жаңа рекорды болды.

Читайте на сайте