World News

Күн күркіреп, жаңбыр жауады және аптап: 21 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін деп болжанады. Елдің солтүстік жартысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыс өңірлерде және Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты ыстық сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 21-23 градус жылы. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, кей жерлерде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 18-23 градус жылы.

Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 35-37 градус жылы.

Ақмола облысы - түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 6-11, күндіз 21-26 градус жылы. Көкшетау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 22-24 градус жылы. Алматы облысы - облыстың оңтүстік-шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, таулы аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарда екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22, таулы аудандарда 7-12 градус жылы, күндіз 28-33, таулы аудандарда 18-23 градус жылы. Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 31-33 градус жылы. Жетісу облысы - облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, облыстың шығысында және таулы аудандарда екпіні 15-20 метр, Алакөл көлдері ауданында 23-28 метр, күндіз кей уақытта 30 метр және одан да көп. Ауа температурасы түнде 11-16, облыстың шығысында 20, таулы аудандарда 5 жылы, күндіз 28-33, таулы аудандарда 23 градус жылы. Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 28-30 градус жылы. Түркістан облысы - күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 метр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және таулы аудандарда 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 18-23, таулы аудандарда 15, күндіз 33-38, таулы аудандарда 28 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 35-37 градус жылы. Батыс Қазақстан облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20 градус жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық болады. Орал - көшпелі бұлтты, түнде өткінші жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 30-32 градус жылы. Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 19-24 градус жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық болады. Атырау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 1-6, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Маңғыстау облысы - облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25 градус жылы, күндіз 33-38 градус қатты ыстық, облыстың батысында 30 градус жылы. Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, күндіз екпіні 15-18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 30-32 градус жылы.

Ақтөбе облысы - түнде облыстың солтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, орталықта кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 метр, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың солтүстік-шығысында 15 градус жылы, күндіз 27-32 жылы, облыстың батысында 35 градус қатты ыстық болады. Ақтөбе - бұлтты, түнде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 градус жылы. Қостанай облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстік-батысында аздаған жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың оңтүстігінде 16 жылы, күндіз 24-29, облыстың оңтүстігінде 32 градус жылы.Қостанай - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 27-29 градус жылы.

Солтүстік Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 21-26 градус жылы. Петропавл - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 23-25 градус жылы.

Павлодар облысы - жаңбыр, найзағай, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр. Батыста, оңтүстікте, орталықта бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 19-24 градус жылы. Павлодар - бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 21-23 градус жылы.

Қарағанды облысы - түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы, дауыл тұруы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 15, күндіз 21-26, облыстың шығысында 18 градус жылы.Қарағанды - ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 21-23 градус жылы.

Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың солтүстігінде 12, күндіз 25-30, облыстың шығысында 22 градус жылы.Жезқазған - ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 градус жылы.

Шығыс Қазақстан облысы - жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 11-16, облыстың солтүстігінде, шығысында 7, күндіз 19-24, облыстың шығысында 16 градус жылы.Өскемен - бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 5-10, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 21-23 градус жылы.

Абай облысы - түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде нөсер жаңбыр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы, дауыл тұруы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың оңтүстігінде 16, күндіз 18-23, облыстың оңтүстігінде 27 градус жылы.Семей - бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10, екпіні 15-20 м/с.Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 20-22 градус жылы.

Қызылорда облысы - күндіз облыстың батысында аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 19-24, күндіз 31-36 градус жылы.Қызылорда - ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 33-35 градус жылы.

Жамбыл облысы - облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 16-21, облыстың таулы аудандарында 12, күндіз 28-33, облыстың таулы аудандарында 24 градус жылы.Тараз - ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 31-33 градус жылы.

Читайте на сайте