World News

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрт толықтай сөндірілді

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрт толықтай сөндірілді, жағдай бақылауда. Бұл туралы зауыттың өзінен хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Таралған хабарламада айтылғандай, қайта тұтану қаупін барынша азайту мақсатында салқындату үшін су себу жұмыстары жүргізілуде.

«Мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту штаттық режимде жалғасуда. Оқиғаның себептері анықталып жатыр», - деп толықтырды зауыт өкілдері.

Бұған дейін хабарланғандай, Өрт сағат 12:35-те жабық типтегі механикалық тазарту қондырғыларының тұндырғышында шықты. Оқиға кезінде нысанда жұмыстар жүргізілмеген.
Ал бүгін Шымкент мұнай өңдеу зауытында кернеу ауытқуы орын алды.

Читайте на сайте