World News

21 миллиард теңгелік алаяқтықты ұйымдастырушыларға үкім шықты

Қонаев қалалық соты 8 мыңнан астам салымшыны тартып, жалпы сомасы 21 миллиард теңгеден асатын қаражат жинаған Amanat Drive қаржы пирамидасының басшыларына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Басты айыпталушы 8 жылға сотталдыҚМА Алматы облысы бойынша департаментінің мәліметінше, ұйымдастырушылар азаматтарға жылжымайтын мүлік пен автокөліктерді тиімді шарттармен - пайызсыз және кейін бөліп төлеу мүмкіндігімен сатып алуды ұсынған.
Нәтижесінде бұл схемаға 8 мыңнан астам салымшы тартылып, тартылған қаражаттың жалпы көлемі 21 миллиард теңгеден асқан.

"Шүкен К.К. кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Үрәтбек М.С. 1 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Ақша бақылаудағы компаниялар арқылы шығарылған
Тергеу мәліметінше, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру үшін бақылаудағы "Алло, не керек" ЖШС, I M@RKETING ЖШС және Gold SapaPremium ЖШС сияқты заңды тұлғалар пайдаланылған.Іс материалдарына сәйкес, бұл компаниялар қызмет көрсетуші жалған жеткізушілер ретінде әрекет еткен. Құжаттарда жарнама қызметі, жылжымайтын мүлік пен көлік нарығына талдау жасау және болжау жұмыстары көрсетілген.
Осындай жалған келісімшарттар негізінде 1,8 миллиард теңгеден астам қаражат шығарылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

QR QMA / АФМ РК (@afm_rk) жарияланымы


Екі пәтер және үш Lexus
Сотталғандар тартылған қаражат есебінен екі пәтер және үш Lexus автокөлігін сатып алған. ҚМА мәліметінше, мүлікті тәркілеуден жасыру мақсатында олар сенімді тұлғалардың атына рәсімделген.
Сот аталған пәтерлер мен автокөліктерді тәркілеп, мемлекет пайдасына өткізу туралы шешім шығарды.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте на сайте