Арман Шаққалиев сауда және интеграция министрі лауазымын сақтап қалды
Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі лауазымына қайта тағайындалды. Құрылтай депутаттары оның бұл қызметке кандидатурасын мақұлдады. Мемлекет басшысы Шаққалиевті тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Жарлық мәтінінде.
Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі қызметін 2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап атқарды және 2024 жылғы 6 ақпанда осы лауазымға қайта тағайындалған болатын.
Арман Шаққалиевтің өмірбаяны
Арман Шаққалиев 1977 жылы 1 желтоқсанда Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігінде заң кеңесшісі болып бастаған. Кейінірек Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттікте, Мемлекеттік кірістер министрлігінде жұмыс істеді.
2004 жылы "Қазақстан метрология институты" РМК директоры болды. Кейін қайтадан Мемлекеттік кірістер министрлігінде еңбек етті. Содан соң Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.
2008 жылдан 2016 жылға дейін Арман Шаққалиев Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының бас директоры лауазымын иеленді.
2016-2018 жылдары - Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры.
2018 жылы Қазақстан Республикасы СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасынан ЕЭК алқасының мүшесі, ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі болды.
2022 жылғы қазаннан бастап - Қазақстанның Сауда және интеграция бірінші вице-министрі.
2023 жылғы 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арман Шаққалиевті Сауда және интеграция министрі етіп тағайындады.
Бұған дейін үкіметтегі өз лауазымдарын сондай-ақ Қанат Бозымбаев, Серік Жұманғарин, Нұрлыбек Нәлібаев сақтап қалды.