Алматыда спорттық фестивальге байланысты Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі
Алматыда 6 қыркүйекте спорт фестивалінің өтуіне байланысты Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігінде сағат 00:00-ден 23:00-ге дейін көлік қозғалысына толықтай шектеу қойылады.
Фото: Алматы әкімдігі
Шектеулер шараға қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.
Жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс схемасындағы өзгерістерді ескеру ұсынылады.
Алматыдағы жол қозғалысына қатысты қазіргі шектеулер31 тамыздан 14 қыркүйекке дейін Байзақов көшесінің Жамбыл көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Сонымен қатар, Қайрат шағынауданында тұрғын үй кешендеріне су бұру желілерін тартуға байланысты қозғалыс шектеледі.
Жұмыстар екі учаскеде жүргізіледі:
Тараз және Бәйге көшелерінің қиылысынан Сұлутал және Бәйге көшелеріне дейінгі аралықта - 30 қыркүйектен 15 қазанға дейін;Сұлутал және Бәйге көшелерінің қиылысынан Сыбызғы көшесіне дейінгі аралықта - 31 тамыздан 30 қыркүйекке дейін.