World News

Алматыда жоғалып кеткен 16 жастағы қыз 10 күннен кейін қонақүйден табылды

Алматыда тамыз айында жоғалып кеткен 16 жастағы қыз 10 күннен кейін табылды. Бұл туралы Lider.kz ұйымының еріктілері Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
Еске сала кетейік, қыз 23 тамызда жоғалып кеткен болатын. Ол шамамен сағат 17:15-те Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 189/3 үй, 3-корпус мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.Іздестірушілердің мәліметінше, 2 қыркүйекте жоғалған қызды полиция қызметкерлері Алматының Әуезов ауданындағы қонақүйлердің бірінен тапқан.

"Аман-есен, дені сау, оған ештеңе болмаған", - деп атап өтті еріктілер.

Оқиғаның басқа да егжей-тегжейі әзірге хабарланған жоқ.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Алматы қаласы және Алматы облысының «LIDER.KZ» еріктілерінің жарияланымы (@volontery_lider.kz_almobl)

Читайте на сайте