World News

Қазақстанда электрмобильмен саяхаттау жеңілдей түседі: 2026 жылы қанша ЭҚС салынады?

Қазақстанда автокөлік жолдары бойындағы электр қуаттау станцияларының (ЭҚС) желісі кеңейтіліп жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto.
Көлік министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта еліміздегі негізгі тасжолдар бойында, 13 өңірде 62 электр қуаттау станциясы жұмыс істеп тұр.
Станциялардың ең көп саны Алматы және Жамбыл облыстарында - 12-ден, сондай-ақ Ақмола және Қарағанды облыстарында - 8-ден орналасқан.
Сондай-ақ қуаттау станциялары Атырау, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында қызмет көрсетеді.
Желі негізгі автокөлікбағыттарын қамтиды:

Астана – Алматы тасжолында 13 ЭҚС жұмыс істейді,
Астана – Петропавл бағытында - 7,
Алматы – Өскемен тасжолында - 6.

Сонымен қатар халықаралық көлік дәліздері бойында қуаттау инфрақұрылымы дамып келеді. Мәселен, Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолында 19 электр қуаттау станциясы орнатылған.
Жұмыс істеп тұрған станциялардың қуаттылығы 60-тан 320 киловатқа дейін жетеді. Бұл электрмобиль иелеріне негізгі республикалық және халықаралық бағыттар бойынша сапар кезінде көліктерін қуаттауға мүмкіндік береді.
2026 жылы желіні одан әрі кеңейту жоспарланған. Халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдары бойында 27 жаңа автожанармай құю станциясын салу қарастырылған, оларда электр қуаттау станциялары да орналастырылады. Атап айтқанда, Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолында тағы 7 ЭҚС орнатылады.

Читайте на сайте