World News

Суперкомпьютер “Алтын доптың“ келесі иегерін анықтады

Opta суперкомпьютеріне негізделген WhoScored талдау порталы 2026 жылғы "Алтын допқа" басты фаворитті анықтады, деп хабарлайды Tengri Sport.
Портал әлеуметтік желідегі парақшасында 2026 жылғы "Алтын доптан" басты үміткерлердің рейтингін жариялады. Бірінші орынға америкалық "Интер Майамидің" атақты шабуылшысы Лионель Месси жайғасты. Аргентиналық футбол жұлдызы 8,28 ұпай алды. Одан кейін 8,23 ұпаймен Испания құрамасы мен каталониялық "Барселонаның" жұлдызды вингері Ламин Ямаль келеді.
Үздік үштікті "Баварияның" ағылшын шабуылшысы Харри Кейн 8,14 ұпаймен түйіндеп тұр.
WhoScored нұсқасы бойынша "Алтын допқа" үміткерлердің үздік бестігі:

Лионель Месси ("Интер Майами" / Аргентина) - 8,28;
Ламин Ямаль ("Барселона" / Испания) - 8,23;
Харри Кейн ("Бавария" / Англия) - 8,14;
Килиан Мбаппе ("Реал Мадрид" / Франция) - 7,70;
Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити" / Норвегия) - 7,53.


???? 2025/26 жылғы "Алтын доп" үміткерлері арасындағы ең жоғары WhoScored рейтингі (Барлық негізгі турнирлер бойынша):◎ 8.28 – Lionel Messi ◎ 8.23 – Lamine Yamal ◎ 8.14 – Harry Kane ◎ 7.70 – Kylian Mbappé ◎ 7.53 – Erling Haaland ◎ 7.49 – Bruno Fernandes ◎ 7.40 – Raphinha ◎ 7.35 – Vinícius Jr.… https://t.co/SBgy4rYkHP pic.twitter.com/t8uUGr0yA0
— WhoScored (@WhoScored) September 8, 2026
Айта кетейік, 39 жастағы Месси маусымды жақсы өткізді. "Интер Майами" сапында ол 24 матчте 21 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді. Месси қосылғаннан кейін клуб өз тарихында алғаш рет MLS Cup-ты жеңіп алды. Аргентиналық футболшы лигада гол+пас жүйесі бойынша көш бастап, тур ойыншысы марапаттарын иеленді және нәтижелілік рекордын жаңартты.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Leo Messi (@leomessi) жарияланымы


2026 жылғы Әлем чемпионатында Месси Аргентина құрамасында қоштасу турнирін өткізді. Ол 8 матчте 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді және командасын финалға дейін жеткізді, онда Аргентина Испаниядан жеңіліп қалды.
Жетістіктері арасында: алғашқы матчтегі хет-трик, Мирослав Клозенің әлем чемпионатындағы голдар саны бойынша рекордын жаңарту, нәтижелі матчтердің рекорд сериялары бар.
Турнирден кейін Месси ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Leo Messi (@leomessi) жарияланымы


Месси "Алтын доп" саны бойынша абсолют рекордшы
Лионель Месси иеленген "Алтын доптарының" саны бойынша абсолют рекордшы болып отыр: ол ең беделді жеке марапатты сегіз рет (2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021 және 2023) жеңіп алды. Футбол тарихында бұл трофейді одан көп иеленген ешкім жоқ.
Ең жақын ізбасары – бес жеңісі бар Криштиану Роналду. Сондай-ақ Месси қатарынан жеңіске жету (2009–2012 жылдары қатарынан төрт рет), үздік үштікке ену саны бойынша рекордтарға ие. Ол "Алтын допты" үш түрлі клубта жүріп жеңіп алған жалғыз ойыншы, сонымен қатар Еуропадан тыс жерде өнер көрсетіп жүріп (2023 жылы "Интер Майами" сапында) бұл марапатқа ие болған алғашқы футболшы.

2026 жылғы "Алтын допқа" үміткер ⬇️Lionel Messi@InterMiamiCF@Argentina#ballondor pic.twitter.com/CxxIMyGlIQ
— Ballon d'Or (@ballondor) September 8, 2026
“Алтын доп” иегері 2026 жылғы марапатқа үміткер фавориттер үштігін атады
Месси Испаниядағы екінші футбол клубын сатып алуға дайындалып жатыр

Читайте на сайте