70 пайыз электрмобиль және жаппай автопилот: Қытай 2030 жылға дейінгі жоспарын жариялады
Қытай 2030 жылға қарай автомобиль саласындағы әлемдік көшбасшылардың қатарына қосылуды көздеп отыр. Мұндай мақсат елдің автоөндірісін дамытудың жаңа бесжылдық жоспарында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.
Жоспарға сәйкес, 2030 жылға қарай ішкі нарықтағы жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік саудасының 70 пайызын электрмобильдер құрауы тиіс.
Сонымен қатар Қытай автономды жүру жүйесі бар көліктердің кеңінен таралуына үміт артып отыр – оларды магистральдарда, қалалық жүйрік жолдарда және кейбір қала көшелерінде қолдану жоспарланған.
Электрмобильдер және іштен жанатын қозғалтқыш көлемі
2030 жылға қарай жеңіл автокөліктердің орташа отын шығыны 100 шақырымға 3,3 литр болуы тиіс. Толықтай электрлі көліктер үшін энергия тұтынудың мақсатты көрсеткіші 100 шақырымға шамамен 11,5 киловатт-сағат деңгейінде белгіленген.
Бұл ретте электромобильдер Қытай автонарығының жартысынан астамын иеленіп үлгерді. Тамызда жаңа көлік сатылымының 60,6 пайызы солардың үлесіне тиді.
Қытай автоөндірушілер қауымдастығы мәліметінше, тамызда елде 1,65 миллионнан аса электромобиль шығарылып, 1,64 миллионнан астамы сатылған. Екі көрсеткіш те өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қазір 20 пайызға дерлік жоғары.
Қазақстан автонарығында не болып жатыр?
Автомобиль нарығын мониторингтеу және талдау агенттігінің директоры Артур Мискарян қазақстандық нарықта қытайлық брендтердің өсіп жатқанын атап өтті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Артур Мискарянның жарияланымы (@artur.miskaryan)
Оның айтуынша, қытайлық автоөндірушілер өз үлестерін арттыруды жалғастырып жатыр және қазірдің өзінде жаңа автомобильдер нарығының 45 пайыздық көрсеткішіне жақындап қалды. ҚАО мәліметінше, қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 127 260 жаңа автокөлік сатылған.
Осылайша, Қытайдың алдағы бес жылға жоспарлаған өзгерістері өзге де автомобиль нарықтарына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Қытайлық өндірушілер модельдік қатарды кеңейтіп, негізгі ставканы электрмобильдерге, гибридтер мен жаңа технологияларға қоя отырып, ішкі нарықтан тыс жерлерге белсенді түрде шығып жатыр.
Бұл тұрғыда Қазақстан да тыс қалып жатқан жоқ. Осыдан жеті жыл бұрын қытайлық маркалар үйреншікті кореялық, жапондық және еуропалық брендтерге күмәнді балама ретінде қабылданса, бүгінде олардың үлесі жаңа автомобильдер нарығының жартысына жуықтап қалды.
Ал егер Қытай жариялаған жоспарлар іске асса, жақын арада мәселе жолдарымызда қанша қытайлық көлік болатынында емес, олардың арасында дәстүрлі іштен жанатын қозғалтқышы бар қанша машина қалатынында болмақ.