World News

Азия ойындары-2026: Қазақстан құрамасының туын кім алып шығады?

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінен Қазақстан құрамасының мүшесі Сарвиноз Миркадирова Жапониядағы жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатында ұлттық құраманың туын алып шығады, - деп хабарлайды Tengri Sport Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Спортшыларға туды туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыстады. Олар туды 19 қыркүйекте Нагоя қаласында өтетін Азияда-2026 ресми ашылу салтанатында алып өтеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

KAZ JUDO TEAM (@kaz_judoteam) парақшасынан жарияланым


Елдос Сметов - 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, 2016 жылғы Олимпиаданың күміс және 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері. Сондай-ақ, оның қоржынында әлем чемпионаты мен 2014 жылғы Азия ойындарының алтын медальдары бар.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

YELDOS SMETOV (@yeldos60kg) жариялаған жазба


Сарвиноз Миркадирова - Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Ол WTT Feeder санатындағы халықаралық турнирлерде жүлдеге ие болған, сондай-ақ, әлем және Азия чемпионаттарына қатысқан.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Sarvinoz Mirkadirova ???????? (@_.zonivras._) жариялаған жазба


Азиада-2026 ойындарының ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Нагоя қаласындағы Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтеді. ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

Читайте на сайте