World News

UFC-дегі ең жылдам нокаут авторы атанған қазақстандықтың жаңа қарсыласы белгілі болды

Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан жаңа промоушендегі алғашқы жекпе-жегіне ие болды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Грузияның RKENA жекпе-жек лигасы PFL промоушенімен бірлесіп өткізетін турнирдің қатысушыларын жариялады. Турнирдің басты кардында қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, UFC-дің бұрынғы файтері Бекзат Алмахан өнер көрсетеді. Оның қарсыласы PFL-дің америкалық өкілі Абдул Камара болмақ.Сондай-ақ турнирге тағы бір қазақстандық қатысады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

RKENA (@rkena.mma) жариялаған жазба


Прелимде аса жеңіл салмақтағы файтер Бахтияр Несіпбек бағын сынайды. Ол Иран спортшысы Сейед Али Аслиге қарсы жекпе-жек өткізеді.
Айта кетейік, Бекзат Алмахан осы жылдың тамыз айында аралас жекпе-жектің жаңа лигасы - грузиялық RKENA промоушенімен келісімшартқа отырған болатын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

RKENA (@rkena.mma) жариялаған жазба


RKENA - 2025 жылы негізі қаланған грузиялық жас аралас жекпе-жек промоушені. Оның басты мақсаты - грузиялық және аймақтық ММА-ның жаңа дәуірін қалыптастыру. Ұйым жергілікті және халықаралық таланттарды дамытуға, файтерлерді әлемдік топ-лигаларға (UFC, PFL, ONE) дайындауға және тартысты турнирлер өткізуге басымдық береді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

RKENA (@rkena.mma) жариялаған жазба


Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшының әлемдегі ең мықты ММА лигасы - UFC-мен келісімшарты болған еді. Алайда тамыз ортасында Бекзат Алмаханның ростерден шығарылғаны белгілі болды.
Оның 4 жекпе-жекке жоспарланған келісімшарты аяқталып, промоушеннің ресми сайтында мәртебесі "Уақытша өнер көрсетпейді" деп өзгерді.
Скриншот: ufc.ru
Бекзат Алмаханның UFC-дегі мансабы
Қазақстандық спортшы UFC-ге 11-1 (10 КО, ТКО) рекордымен ауысты. Оны алғашқы жекпе-жегінде-ақ үлкен сынақ күтіп тұрды. Ол дивизиондағы ең мықты жас файтерлердің бірі - Умар Нурмагомедовпен кездесті.
Сол кезде ресейлік спортшы аса жеңіл салмақ рейтингінде 13-орында тұрған еді.
Бірінші раундтың басында қазақстандық басымдық танытты. Бір сәтте Бекзат Умарды дәл қағып алып, жойқын соққымен нокдаунға түсірді.
Алайда кейінірек Умар ес жиып, белсенділік танытты. Нурмагомедов қазақстандықты партерге тартып, жердегі артықшылығын арттыра түсті. Нәтижесінде Алмахан алғашқы жекпе-жегінде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңілді.

Екінші кездесу араға бір жылдан аса уақыт салып өтті. Оның қарсыласы канадалық Брэд Катона болды. Жекпе-жек бірінші раундта-ақ мерзімінен бұрын аяқталды. Гонг соғылғаннан кейін 63 секунд өткенде Алмахан қарсыласына дәл соққы жұмсап, оны нокдаунға түсірді және соңына дейін соққы астына алды - төреші араласуға мәжбүр болды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ALMAKHAN BEKZAT (@bekzatalmahan) жарияланымы


Үшінші жекпе-жегінде оған тағы да мықты қарсылас тап болды. Октагонда қазақстандық спортшы сол кездегі UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топурияның ағасы Александр Топуриямен кездесті.
Алмахан тамаша жекпе-жек өткізді. Ол жиі соққы жасап, дәл комбинациялар ұйымдастырғанымен, соққы күшіндегі айырмашылық бірден байқалды. Жекпе-жек толық уақытқа созылып, төрешілер шешімімен жеңіс бірауыздан Топурияға берілді.

Өзінің соңғы жекпе-жегінде Алмахан бразилиялық Жан Мацумотомен кездесті. Бұл бәсеке де тартысты өтті, бірақ қазақстандық спортшы төрешілерді жеңісіне сендіре алмады - олар жеңісті бірауыздан Мацумотоға берді.

Төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен! ????Жеңіс иесі - @JeMatsumotoUFC екінші жекпе-жекте #UFCBaku! ???????? [ Тікелей эфир тек @ParamountPlusBR ] pic.twitter.com/rLYQojfzut
- UFC Brasil (@UFCBrasil) June 27, 2026

Читайте на сайте