ҰҚК Қазақстанның 10 өңірінде ҰҚТ мүшелеріне қарсы операция жүргізді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе және прокуратураның үйлестіруімен еліміздің 10 өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің, шекара маңындағы, сондай-ақ, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі қылмыстық схемалардың заңсыз әрекетінің жолын кесу бойынша бір мезгілде арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 29 адам ұсталып жеткізілді, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Операция барысында заңсыз айналымнан 25 қару, екі граната және 236 оқ-дәрі тәркіленді.
Бұл деректер бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.