World News

Қазақстандық дзюдошылар Азия ойындарының медалін жеңіп алды

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Жапонияның Айти мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Қазақстан құрамасы аралас командалық турнирдің финалына шығып, онда Жапония командасымен кездесті. Алтын жүлде сарапқа салынған шешуші белдесуде жапондық дзюдошылар 4:0 есебімен жеңіске жетіп, басым түсті.
Осылайша, Қазақстан аралас командалық турнирдің күміс медалін еншіледі. Ұлттық құрама сапында Айдар Арапов, Ғұсман Қырғызбаев, Марат Байқамұров, Ажар Асхат, Аида Тойшыбекова және Меруерт Сәрсенова өнер көрсетті.
Турнирге он елдің командасы қатысты. Финалға дейінгі жолда қазақстандықтар ширек финалда Қырғызстанды 4:2 есебімен, ал жарты финалдағы тартысты кездесуде Оңтүстік Кореяны 4:3 есебімен ұтты.











Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Olympic Team (@olympickz) жариялаған жазба

Читайте на сайте