Астанада -5 градусқа дейін суытады, Алматыда жаңбыр жауады
"Қазгидромет" Астана мен Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 14, 15 және 16 қазанда мегаполистерде ауа райы қандай болады - Tengrinews.kz материалында.
Алдағы үш күнде Астана мен Алматыдағы ауа райы бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді: елордада түнгі температура -5 градусқа дейін төмендесе, оңтүстік мегаполисте жаңбыр жауады.
Астанадағы ауа райы
14 қазан көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +14...+16 градус.
15 қазан көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде -2...-4 градус, күндіз +7...+9 градус.
16 қазан көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде -3...-5 градус, күндіз +10...+12 градус.
Алматыдағы ауа райы
14 қазан айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +19...+21 градус.
15 қазан көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні 13 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус, күндіз +16...+18 градус.
16 қазан көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, күндіз +12....+14 градус.
Қазақстанда қар жауып, үсік жүреді
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған еді. Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, кей өңірлерде көктайғақ болады деп болжанады. Сондай-ақ жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Толығырақ осы жерден оқыңыз.