“Алтын адам“ және ежелгі бұйымдар: Астанада бельгиялықтар королі мен патшайымына не көрсетілді?
Қазақстан Президенті бельгиялықтар королімен және патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген король Филипп және патшайым Матильдамен бірге Ұлттық музейді аралады.
Мәртебелі меймандар музей кешенінің сәулеттік ерекшеліктерін және Ұлы даланың мәдени-тарихи мұрасын паш ететін экспозициялар кеңістігін тамашалады.
Әсіресе, бірегей археологиялық қазбалар, ежелгі зергерлік өнер үлгілері, соның ішінде Есік қорғанынан табылған "Алтын адам" мен Берел, Талды-2, Тақсай, Шілікті обаларынан шыққан алтын бұйымдар қойылған Алтын залына ерекше назар аударылды.
Этнография залында қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мәдениетімен танысты.
Сондай-ақ бельгиялық суретші Джеймс Энсор шығармаларының көрмесі ұсынылды.
Бельгиялықтар королі мен патшайымы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Еске сала кетейік, кеше мемлекет басшысы бельгиялықтар королімен және патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды. Олар дамуында ауытқуы бар балаларға кешенді көмек көрсету тәртібімен танысты.
Тағы оқыңыз: Бельгиялықтар королі Астанада: үш мәрте ханзада, алғаш рет король ретінде