Синоптиктер Алматыда алғашқы қар қашан жауатынын айтты
"Қазгидромет" Астана мен Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 22, 23 және 24 қазанда мегаполистерде ауа райы қандай болатыны - Tengrinews.kz материалында.
Болжамға сәйкес, Астана мен Алматыда ауа райы күрт өзгереді деп күтіледі: елордада жаңбыр аралас қар жауып, екпінді жел соғады, ал оңтүстік мегаполисте алғашқы қар жаууы ықтимал.
Астанадағы ауа райы
22 қазанда күн бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, кей уақытта екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +4...+6 градус жылы.
23 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -3...-5 градус суық, күндіз 0...+2 градус жылы.
24 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -5...-7 градус суық, күндіз +2...+4 градус жылы.
Алматыдағы ауа райы
22 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей уақытта екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +14...+16 градус жылы.
23 қазанда күн бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 метр. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +7...+9 градус жылы.
24 қазан күн бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 метр. Ауа температурасы түнде 2...-4 градус үсік, күндіз +3...+5 градус жылы.
Қазақстанда -10 градусқа дейін аяз болады
Бұған дейін синоптиктер жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкелген циклонның орнына Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келе жатқанын хабарлаған болатын. Күннің суытуы алдымен батыс өңірлерден басталып, содан кейін елдің қалған бөлігіне тарайды. Толығырақ осы жерден оқыңыз.