Тоқаев балқытушы Әбдірашит Доспановқа “Қазақстанның Еңбек Ері“ атағын берді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әбдірашит Доспановқа “Қазақстанның Еңбек Ері“ атағы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен өндірістік қызметтегі аса үздік еңбегі үшін "Kazakhmys Smelting" ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Әбдірашит Қойшыбекұлы Доспановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді.
Оған айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылады.
Металлургтер әулеті
2022 жылы БАҚ-та Әбдірашит Доспанов пен оның жұбайы Бибігүл металлургтер әулетінен екені жазылған.Ббұл отбасы мүшелерінің жиынтық еңбек өтілі шамамен 300 жылға жуықтайды. Әбдірашит Қойшыбекұлының әкесі Қойшыбек Доспанов Қазақ КСР-інің көрнекті металлургі болған.
Әбдірашит Доспановтың өзі Қарсақпайда дүниеге келіп, Жезқазғанда білім алған, кейін сол жердегі зауытта еңбек жолын бастаған. Мақала жарық көрген уақытта оның еңбек өтілі 38 жылды құраған. Сондай-ақ ол "Еңбек даңқы" орденінің иегері болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!