World News

Қазақстанда таудағы ең биік көпір ашылды: сурет

Шығыс Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қауіпті Осинов асуын айналып өту мүмкіндігі жасалды. Өңірде Пихтовка өзені арқылы өтетін таудағы биік көпірі бар жаңа жолдың құрылысы аяқталды. 30 қазаннан бастап мұнда қозғалыс ашылды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Енді "Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнар" республикалық тасжолымен жүретін жүргізушілерге күрделі бұралаң жолды айналып өтетін жаңа учаске қолжетімді. Биік таулы шатқалдың екі жағын қосатын Пихтовка өзені арқылы өтетін көпір - ұзындығы 28 шақырымдық жаңа жолдың бір бөлігі.
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚТасжол жүргізушілердің қауіпті Осинов асуының күрделі бұралаң бөлігін айналып өтіп, тікелей жолмен жүруі үшін салынды.
Бұл Өскеменді Шығыс Қазақстан облысының бірнеше қаласы және ауданымен байланыстыратын, сондай-ақ танымал туристік нысандарға апаратын бағыт.
Жаңа учаскенің құрылысы бірнеше рет тоқтап, өңір тұрғындары Осинов асуы жалғыз жол болып қала бере ме деп күмәнданған еді. Алайда қазір жұмыс толық аяқталды.
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ30 қазаннан бастап ресми ашылу салтанатынан кейін жаңа жолмен қозғалыс барлық көлік жүргізушілері үшін ашылды.
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚЖаңа бағытпен алғашқылардың бірі болып жолшылардың өздері жүріп өтті.

Жаңа көпірдің ұзындығы - 175 метр. Тау бедерінен биіктігі 45 метрге жетеді. Құрылым жеті аралық пен сегіз тіректен тұрады, оларға 79 темірбетон арқалық орнатылған. Өткелдің екі жағында да жаяу жүргіншілерге арналған жолдар қарастырылған.
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ

"Құрылыс күрделі таулы жерде жүргізіліп, арнайы инженерлік шешімдерді қажет етті. Атап айтқанда, көпір тау бедерінің ерекшеліктеріне қарай иілген бағытта салынды", - деп атап өтті "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ өкілдері.

Бұл ретте Осинов асуы да назардан тыс қалмайды: қыста ол арқылы қозғалыс жалғасады.

"Бірақ бұл жол қосалқы болады. Қатты қар жауған жағдайда, әрине, алдымен жаңа жолды тазалаймыз", - деп түсіндірді "ҚазАвтоЖол" мамандары.

Биік таулы көпір құрылысының мұрағаттық суреті. Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ
Бағыттың күрделілігіне қарамастан, ол саяхатшыларды таудың көркем көріністерімен баурайды. Жүретін жолдардың бірінде туристер арасында танымал бақылау алаңы жабдықталған.
Бақылау алаңы. Tengrinews.kz мұрағаттық суреті
Қазақстанда таудағы ең биік көпірдің видеосы жарияланды
Еске сала кетейік, асуды айналып өтетін жол салу идеясы бірнеше жыл бойы талқыланып, оны іске асыру 2017 жылы Шығыс Қазақстан облысын Даниал Ахметов басқарып тұрған кезде басталған болатын. Алайда жоба аяқталмай, сақалды құрылысқа айналды. Бюрократиялық кедергілер жұмысқа тұсау болды. Құрылыс жұмыстары тек 2023 жылы қайта басталды.

Читайте на сайте