ӘҚБтК-нің 610-бабы: жол апаты кезінде көлікке зақым келсе немесе адам жеңіл жарақат алса, қандай айыппұл салынады?
Жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзу салдарынан материалдық шығын келтірілген жол-көлік оқиғасы болса, жүргізушіге 20 АЕК мөлшерінде немесе 2026 жылы 86 500 теңге айыппұл салынуы мүмкін. Бірақ кез келген соқтығысу жүргізушінің автоматты түрде кінәлі екенін білдірмейді. Жол апаты үшін қай кезде жүргізуші куәлігінен айырады, қай жағдайда ЖКО қылмыстық іске ұласады және айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге бола ма деген сұрақтарға жауапты зерттеп көрдік. Толығырақ Tengri Auto материалынан оқи аласыз.
ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы деген не?
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, құрылыстардың немесе өзге де мүліктің бүлінуіне, сондай-ақ денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соққан ЖҚЕ бұзғаны үшін жауапкершілікті қарастырады.
Бұл ретте ЖКО және көліктің зақымдану фактісінің өзі нақты жүргізушінің апатқа кінәлі екенін білдірмейді.
Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Абзал Қасымжановтың түсіндіруінше, 610-бап бойынша жауапқа тарту үшін нақты ЖҚЕ бұзылуын, оның салдарын және олардың арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау қажет.
"Қираған көлік зақымданудың барын дәлелдейді, бірақ оның өзі нақты жүргізушінің кінәсін дәлелдей алмайды", - деп түсіндірді адвокат.
Анықтама: Абзал Қасымжанов - Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің бакалавриатын және "Болашақ" бағдарламасымен Ұлыбританиядағы Глазго университетінің (University of Glasgow) заң факультетінің магистратурасын бітірген. Жұмыс өтілі 15 жылдан асады.
Мысалы, егер екі көлік қиылыста соқтығысса, кімнің қандай ережені бұзғанын және мұның апатқа қалай әкеп соққанын анықтау керек. Жауапқа тарту негіздерін уәкілетті орган дәлелдеуі тиіс. Жүргізуші өз кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес, ал кез келген күмән оның пайдасына шешіледі.
Қасымжанов жүргізуші тек өз көлігін зақымдаған жағдайға да назар аударды. Жоғарғы соттың түсіндірмесіне сәйкес, егер жалғыз зардап шегуші құқық бұзушының өзі болса, 610-бап бойынша жауапкершілік туындамайды.
Жүргізуші ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша қашан жазаланады?
Бап үш бөлімнен тұрады. Жаза ЖКО мән-жайына, құқық бұзушылықтың қайталануына және жүргізушінің көлік басқару құқығының бар-жоғына байланысты болады.
Көліктердің, жүктердің, жолдардың немесе өзге де мүліктің зақымдануына әкеп соққан ЖКО - 1-бөлім
610-баптың бірінші бөлімі ЖҚЕ бұзу материалдық шығынға әкеп соққан жағдайда қолданылады.
Бұл екі көліктің соқтығысуы, жол қоршауының, бағананың, ғимараттың немесе басқа да мүліктің зақымдануы болуы мүмкін.
Мұндай құқық бұзушылық үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Бұл ретте, егер әрқайсысының іс-әрекетінде апаттың туындауына әсер еткен ЖҚЕ бұзушылығы дәлелденсе, ЖКО-ның екі қатысушысы да жауапқа тартылуы мүмкін.
Мысалы, бір жүргізуші маневр жасау ережесін бұзса, екіншісі жылдамдықты асырған. Егер екі бұзушылық та соқтығысуға себеп болғаны анықталса, екеуі де жауапқа тартылуы мүмкін.
"Екеуі де бірдеңені бұзды - демек, екеуі де ЖКО-ға кінәлі" деген формула жеткіліксіз. Әр жүргізуші бойынша құқықбұзушылық, себеп-салдарлық байланыс және кінәсі жеке анықталуы тиіс", - деп атап өтті адвокат.
Ол екі қатысушының да әкімшілік жауапкершілікке тартылуы жөндеу шығындарының автоматты түрде тең бөлінетінін білдірмейтінін айтты. Шығынды өтеу мәселесі бөлек қарастырылады.
Қайталанған ЖКО немесе денсаулыққа жеңіл зиян келтіру - 2-бөлім
610-баптың екінші бөлімі бойынша жауапкершілік екі жағдайда туындайды:
жүргізуші әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде 1-бөлімде қарастырылған құқықбұзушылықты қайталап жасаса;
ЖҚЕ бұзу зардап шегушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса.
Бұл жағдайларда жүргізушіге 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе тоғыз айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылу қаупі төнеді.
Маңыздысы, қайталану дегеніміз жай ғана бір жыл ішіндегі екінші ЖКО емес.
"2-бөлім 1-бөлімде қарастырылған әрекеттің қайталап жасалуы туралы айтады. Сондықтан бұрын жауапқа тартылғаны туралы мәліметтер және заңмен белгіленген мерзім сақталғаны тексерілу қажет", - деп түсіндірді Қасымжанов.
Мысалы, егер жүргізуші бірінші рет ЖКО-ға түсіп, бірақ зардап шегуші деп танылса, ал бірнеше айдан кейін тағы да апатқа қатысушы болса, бұл өздігінен қайталанған құқық бұзушылықты білдірмейді.
Тұраққа немесе жылдамдықты асырғаны үшін бұрын төленген айыппұл да 610-баптың 2-бөлімі бойынша қайталану болып саналмайды.
Адвокаттың айтуынша, айыппұл мен куәліктен айыру арасындағы таңдауды сот жасайды. Бұл ретте құқық бұзушылықтың сипаты, апаттың мән-жайы, жүргізушінің тұлғасы, оның оқиғаға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, сондай-ақ жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын жағдайдар ескеріледі.
Зардап шегушіге көмек көрсету, өкіну және шығынды өз еркімен өтеу сот шешіміне әсер етуі мүмкін. Алайда зардап шегушінің кінәліге шағымы болмаса да, бұл жүргізуші куәлігінен айырылмайтынына кепілдік бермейді.
Жүргізуші куәлігі жоқ кездегі немесе куәліктен айырылғаннан кейінгі ЖКО - 3-бөлім
610-баптың үшінші бөлігі көлік жүргізу құқығы жоқ немесе осындай құқығынан айырылған бола тұра, 1 немесе 2-бөліктерде көзделген бұзушылықты жасаған жүргізушілер үшін неғұрлым қатаң жаза қарастырады.
Бұл жағдайда айыппұл көлемі 60 АЕК-ті құрайды.
Бұл ретте жүргізуші куәлігінің болмауы соқтығысуға автоматты түрде кінәлі болуды білдірмейді.
Мәселен, егер құқығы жоқ жүргізушінің көлігіне басқа машина келіп соғылса, оны тек көлік жүргізу құқығының жоқтығы негізінде 610-бап бойынша жауапқа тартуға болмайды. Оның ЖҚЕ бұзғанын және бұл ЖКО-ға алып келгенін дәлелдеу қажет.
Адвокат көлік жүргізу құқығының мүлдем болмауы мен жүргізуші куәлігінің өзімен бірге болмауы екі бөлек құқықтық жағдай екеніне назар аударды.
2026 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша салынатын айыппұлдар
2026 жылы бір АЕК 4 325 теңгені құрайды. Сондықтан айыппұл мөлшері төмендегідей:
Баптың бөлігі
Қандай бұзушылық үшін
Айыппұл
1-бөлім
Материалдық залал келтірілген ЖКО
20 АЕК - 86 500 теңге
2-бөлім
Қайталанған бұзушылық немесе денсаулыққа жеңіл зиян келтіру
40 АЕК - 173 000 теңге
3-бөлім
Көлік жүргізу құқығынсыз немесе құқықтан айырылған соң жасалған бұзушылық
60 АЕК - 259 500 теңге
Еске сала кетейік, айыппұл сомалары 2027 жылы өседі.
2-бөлім бойынша сот айыппұлдың орнына тоғыз айға дейінгі мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындауы мүмкін.
ЖКО кезінде денсаулыққа келтірілген жеңіл зиян деп не есептеледі?
Зардап шегушінің дәрігерге әрбір жүгінуі жүргізушіге автоматты түрде 610-баптың екінші бөлігі бойынша жауапкершілік қаупін төндірмейді.
ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, 21 күннен аспайтын мерзімге денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуына немесе жалпы еңбек ету қабілетінің 10 пайыздан аз мөлшерде тұрақты жоғалуына әкеп соғатын зиян түсініледі.
Бұл ретте дәрігер қойған диагноз бен жарақаттың ауырлығына берілетін құқықтық бағаны ажырата білу керек.
"Ауруханаға жүгіну медициналық көмек алу және жарақаттарды тіркеу үшін қажет, бірақ бұл өздігінен зиян дәрежесін анықтамайды", - деп атап өтті Қасымжанов.
Оның айтуынша, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру белгісі бойынша 610-баптың 2-бөлігін негізді түрде қолдану үшін сот-медициналық қорытынды қажет.
Сарапшы жарақаттарды, олардың зардаптарын және ЖКО-мен байланысын бағалайды.
Бұл ретте еңбекке жарамсыздық парағындағы күндер санының өзі зиянның ауырлық дәрежесін анықтамайды: емделу ұзақтығы мен денсаулықтың бұзылу мерзімі сәйкес келмеуі мүмкін.
ЖКО қашан қылмыстық іске айналады? ҚР ҚК 345-бабы
Егер ЖҚЕ бұзу салдарынан абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы немесе ауыр зиян келтірілсе, я болмаса өлімге әкеп соқса, қылмыстық жауапкершілік туындауы мүмкін.
Мұндай жағдайларда ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы қолданылады. Сонымен қатар қылмыстық жауапкершілік үшін ереже бұзушылықты және оның апат салдарымен себептік байланысын дәлелдеу қажет.
Адвокаттың сөзінше, ЖКО саралануы апаттан кейін бірнеше күн өткен соң өзгеруі мүмкін.
Мысалы, соқтығысудан кейін бірден жарақаттар елеусіз болып көрінуі мүмкін, бірақ қосымша тексерулер неғұрлым ауыр зақымдарды анықтайды. Мұндай жағдайда құқықтық баға анықталған салдарлар мен сарапшылардың қорытындысын ескере отырып беріледі.
"Құқықтық бағаны бастапқы "елеусіз ЖКО" деген жазба емес, анықталған салдарлар айқындайды", - деп түсіндірді Қасымжанов.
Егер әкімшілік іс материалдарынан қылмыстық құқық бұзушылық белгілері табылса, олар қылмыстық іс қозғау мәселесін шешу үшін беріледі.
Адвокат мас күйдегі жүргізушілер үшін, соның ішінде көлік жүргізу құқығынан айырылғандар үшін арнайы қылмыстық нормалар қарастырылғанын атап өтті. Сондықтан қылмыстық жазаланатын әрбір ЖКО бірдей ҚК 345-бабы бойынша саралана бермейді.
ЖКО болған жерден кетіп қалғаны үшін не болады? ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы
Оқиға болған жерден кетіп қалғаны үшін жауапкершілік жеке бапта - ӘҚБтК-нің 611-бабында қарастырылған.
ЖКО-ға байланысты жүргізуші міндеттерін орындамағаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал жол апаты болған жерден кетіп қалғаны үшін 50 АЕК айыппұл салынады немесе бір жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қолданылады. Көлік жүргізу құқығы жоқ жүргізушілер үшін бұдан да қатаң жаза көзделген.
Бұл ретте апатқа қатысушылар арасындағы жай ғана келісім жүргізушіні әкімшілік жауапкершіліктен босатпайды.
"Кінәм жоқ" деген тілхат қатысушылар арасындағы қарым-қатынасты реттейді, бірақ оның өзі әкімшілік жауапкершілікті жоймайды", - деп түсіндірді адвокат.
Дегенмен заңда ЖКО-ны полициясыз, Еурохаттама арқылы рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Мұндай жағдайда белгіленген талаптар сақталса, әкімшілік іс қозғалмайды.
Ол үшін белгілі бір шарттар орындалуы тиіс: ЖКО-ға екі көлік құралы қатысуы керек, зардап шеккендер мен өзге мүлікке келтірілген залал болмауы қажет, екі жүргізушінің де қолданыстағы КҚИ АҚЖ сақтандыру полисі болуы шарт, қатысушылар арасында келіспеушілік болмауы және залал көлемі 100 АЕК-тен аспауы тиіс.
Қатысушылар декларация толтырып, оны белгіленген тәртіппен сақтандырушыға жіберуі қажет.
Осылайша, Еурохаттаманы рәсімдеу мен жүргізушілердің өзара жай ғана келісе салуы - екі бөлек нәрсе. Егер қатысушылар бір-біріне ақша беріп, тарап кетсе, бұл өздігінен ЖКО орнын тастап кеткені үшін жауапкершіліктен босатпайды.
610-бап бойынша айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге бола ма?
Қазақстанда белгілі бір шарттар орындалған жағдайда әкімшілік айыппұлдың жартысын қысқартылған іс жүргізу аясында төлеуге болады.
Алайда бұл мүмкіндік 610-баптың барлық бөлігіне бірдей қолданылмайды.
Абзал Қасымжановтың сөзінше, егер қысқартылған іс жүргізу шарттары сақталса, 1 және 3-бөлімдер бойынша 50 пайыздық жеңілдікті пайдалануға болады. Ал 2-бөлім бойынша мұндай мүмкіндік қарастырылмаған.
Мұның себебі - екінші бөлімнің санкциясында тек айыппұл емес, сонымен қатар көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы да бар. ӘҚБтК-нің 810-бабына сәйкес, егер санкцияда ескертуден басқа жаза түрлері қарастырылса, қысқартылған іс жүргізу қолданылмайды.
Тіпті 2-бөлім бойынша жүргізушіге соңында айыппұл салынса да, бұл оны өз бетінше екі есе азайтуға құқық бермейді.
Қысқартылған іс жүргізуді пайдалану үшін жүргізуші заңбұзушылық фактісін мойындап, ұсынылған дәлелдермен келісуі және жеті тәулік ішінде айыппұлдың жартысын төлеуі тиіс.
Адвокат өз кінәсін дауламақ болғандар үшін бұл нұсқаның тиімсіз екенін ескертті.
"Айыппұлдың жартысын төлеу - "сақтық шарасы" ретінде қолданып, кейіннен кінәлі екеніңізді әдеттегі тәртіппен даулауға мүмкіндік беретін нұсқа емес", - деп атап өтті ол.
Сондықтан, егер жүргізуші айыппен келіспесе, алдымен дәлелдемелерді және қорғанудың ықтимал жолдарын бағалап алғаны жөн.
ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша айыппұлды қалай даулауға болады?
Егер жүргізуші Жол жүрісі қағидаларын өзі бұзғанымен және апатқа себепкер болғанымен келіспесе, ол қаулыға шағым келтіре алады.
Қасымжановтың айтуынша, шағымда кінәні анықтау кезінде нақты қандай қателік жіберілгенін көрсету маңызды.
Мысалы, полиция көліктердің қозғалыс траекториясын дұрыс анықтамауы, бейнетіркегіш жазбасын ескермеуі, бағдаршам жұмысын тексермеуі немесе оқиға орнындағы фотосуреттерге қайшы келетін ЖКО схемасын құруы мүмкін.
Шағымдану кезінде көмектесетін дәлелдердің қатарында:
бейнетіркегіштер мен бақылау камераларының түпнұсқа жазбалары, соның ішінде соқтығысқанға дейінгі кадрлар;
көліктердің орналасуы, зақымданулар, жол белгілері мен таңбалары бейнеленген фотосуреттер;ЖКО схемасы және апат орнын өлшеу деректері;
куәгерлердің айғақтары;
автотехникалық және көліктік-трасологиялық сараптамалар;
егер дау жарақаттарға қатысты болса, медициналық құжаттар мен сот-медициналық сараптаманың қорытындысы.
"Заңда басқалардан әрқашан маңыздырақ болатын дәлелдеме белгіленбеген: материалдар жиынтық түрде бағаланады. Тіпті сарапшы қорытындысының өзі тексерілуге жатады", - деп атап өтті адвокат.
Жалпы ереже бойынша, шағымдану мерзімі қаулының көшірмесі табыс етілген күннен бастап 10 тәулікті құрайды.
Істі қарауға қатыспаған адам үшін мерзім қаулыны алған күннен бастап есептеледі. Егер мерзім дәлелді себептермен өткізіп алынса, оны қалпына келтіруді сұрауға болады.
Айыппұл мен залалды өтеу - бір нәрсе емес: КҚИ АҚЖ қалай жұмыс істейді?
ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша айыппұл - бұл ЖҚЕ бұзғаны үшін берілетін әкімшілік жаза. Ол зақымдалған көлік иесіне келтірілген залалды өтеудің орнын баспайды.
Егер ЖКО-ға кінәлі адамның көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖ) полисі болса, сақтандыру компаниясы заңда белгіленген лимиттер шегінде және сақтандыру шарттары сақталған жағдайда зардап шегушіге залалды өтейді.
Кінәлі адамның КҚИ АҚЖ полисі болмаған жағдайда залалды кім өтейтінін біз бұған дейін егжей-тегжейлі талдаған едік.
Егер сақтандыру төлемі залалды жабуға жетпесе, зардап шегуші қалған соманы тікелей ЖКО-ға кінәлі адамнан өтеуді талап ете алады.
Осылайша, айыппұл төлеу жүргізушіні келтірілген залалды өтеу міндетінен босатпайды.