World News

Тоқаев Нұрлан Сауранбаевты көлік министрі қызметінен босатты

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымынан босатылды.

Ол бұл қызметті 2025 жылғы маусымнан бастап атқарды.

Нұрлан Сауранбаевтың өмірбаяны

Нұрлан Сауранбаев еңбек жолын 1991 жылы "Еңбек" компаниясында бастаған. Әр жылдары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында, Атырау мұнай өңдеу зауытында, "ҚазМұнайГаз" және "ТеңізСервис" кәсіпорындарында жұмыс істеді. Кейін мемлекеттік қызметке ауысып, индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, қорғаныс министрінің орынбасары болды.2017 жылы Шымкент әкімі лауазымын атқарды, ал 2019-2021 жылдары Президент әкімшілігінде жұмыс істеді.2021 жылғы сәуірде "Қазақстан темір жолы" басқарма төрағасы болды және бұл қызметті 2025 жылғы маусымға дейін атқарды.2025 жылы 30 маусымда Нұрлан Сауранбаев Қазақстанның көлік министрі болып тағайындалды. Ол биыл қыркүйекте осы қызметке қайта тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте