Трамп Қатар билігімен келіссөздерден кейін Иранға қатысты жаңа мәлімдеме жасады
АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы жағдай өзгерген жағдайда Вашингтон әскери қимылдарға дайын екенін, бірақ қазір мұндай сценарий екіталай екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Америкалық көшбасшы бұл туралы Қатар премьер-министрі Мұхаммед бен Абдеррахман Әл Танимен сөйлесу қорытындысы бойынша Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.
"Ең бастысы: Қатар, Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн, Кувейт және басқа елдер қазіргі жағдайды сақтауды жөн көреді. Басқаша айтқанда, тарихтағы ең ірі әскери-теңіз блокадасын және жаңа "Темір қақпа" операциясын жалғастыруды қалайды", - деп жазды ол.
Трамптың айтуынша, барлық тарап Иранның ядролық қаруға ие бола алмайтынымен келіседі.
"Бұл талқыланбайды! Егер Таяу Шығыстағы жағдай өзгерсе, АҚШ әскери іс-қимылдарға дайын болады. Алайда қазіргі уақытта мұндай сценарийдің орын алуы екіталай", - деп атап өтті Ақ үй басшысы.
Сонымен бірге ол Израиль мен бүкіл Таяу Шығыс "Иран қаупі мен сес көрсетуінен қорғалған" деп санайды.
"Біз бұл қақтығыстың аяқталу бағытындағы оң динамиканы бақылап отырмыз және кез келген жағдайда Американың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеміз. Бұл әскери операция аяқталғаннан кейін американ халқы мен бүкіл әлем әлдеқайда қауіпсіз әрі қорғалған болады", - деп есептейді президент.
Кейінірек баспасөз мәслихатында Трамп Тегеранға қарсы әскери күш қолдану қазір "қажет болып көрінбейтінін" хабарлады. Президент Иранның әскери тұрғыдан іс жүзінде жеңілгенін тағы да мәлімдеді. Сондай-ақ америкалық лидер Вашингтон ұзақ мерзімді шешімге қол жеткізуге және Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеуге тырысатынын атап өтті.
.@POTUS: "Біз бұл шешімнің қысқа мерзімді емес, ұзақ мерзімді болғанын қалаймыз. Оларда ешқашан ядролық қару болмайды, бірақ біз мұның ұзақ мерзімді екеніне көз жеткізуіміз керек." https://t.co/T0aPcZjw5W
— Rapid Response 47 (@RapidResponse47) November 9, 2026
Еске сала кетейік, Қатар АҚШ пен Иран арасындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізуге бағытталған жанама келіссөздердегі негізгі делдалдардың бірі ретінде әрекет етеді.