World News

Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Рақымбек Әміржанов қайтыс болды

Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, мемлекет және қоғам қайраткері Рақымбек Әміржанов 62 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Түпқараған ауданы әкімдігінің ақпаратынша, Рақымбек Маршалұлы бүкіл саналы ғұмырын елге қызмет етуге және өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына арнап, Маңғыстау өңірінің өркендеуіне елеулі үлес қосты.

Рақымбек Әміржанов 1964 жылы Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 2013 жылдың қазанында ол Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметте ол өңірдің индустриялық-инновациялық дамуы, инвестиция тарту және экономиканың нақты секторын дамыту мәселелеріне жетекшілік етті.

Облыстық әкімдікке тағайындалғанға дейін ол "Ақтау теңіз сауда порты" РМК-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары, Солтүстік Каспий операциялық компаниясының (NCOC) Маңғыстау облысы бойынша кеңесшісі болды. Сондай-ақ "Semurg Invest" ЖШС-де бизнесті дамыту жөніндегі менеджер және "Теңізсервис" ЖШС-нің бас менеджері қызметтерін атқарды.

Әкім орынбасары болып тағайындалғанға дейін Әміржанов облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарған.

Қала тұрғындары Әміржановты Ақтауда Мұз сарайын салуға қатысты белсенді ұстанымымен есте сақтады. Ол нысанды "Ақбота" саябағының аумағында орналастырғысы келмеген қала әкімдігімен ашық текетіреске түсті. Ал Рақымбек Маршалұлы бұл орынды қала тұрғындары үшін ең қолайлы жер деп санап, осы нұсқаны табандылықпен қолдаған болатын.

Читайте на сайте