World News

Ақтауда газ қондырғысы орнатылған көлік жарылды

Ақтауда 12 қарашада Hyundai Elantra өртеніп, кейін көліктегі газ баллон жабдығы жарылды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Маңғыстау облыстық ТЖД хабарлауынша, 27-ші шағын аудандағы өрт туралы хабарлама сағат 11:46-да түскен. Көлік 45 литрлік газ баллонды қондырғымен жабдықталған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

112 - Ақтау - Актау (@112_aktau) жариялаған жазба


Өрт сөндірушілер келгенге дейін газ жабдығы жарылған. Тілсіз жау сағат 11:58-де толық ауыздықталды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Оқиға орнына ТЖД-ның алты қызметкері мен бір техника жұмылдырылды.
Газбен жүретін көліктерге жаңа тыйым енгізіледі

Читайте на сайте