Жұма күні еліміздің жеті облысында аптап ыстық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 маусымда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады және жел күшейеді, республиканың солтүстік өңірлерінде кей жерлерінде тұман, бұршақ жаууы мүмкін. Тек қиыр оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.