«Астана» ХҚО-ны дамыту тәсілдері талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов Қаржы орталығының даму тәсілдері туралы «Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы» (ҚҚҚ) Консультативтік Кеңесінің «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қаржы секторы бойынша комитеті, ҚҚҚ Кеңесі мүшелерінің қатысуымен өткен кеңейтілген жиынында баяндады.