Әнші Әміре - ЭКСПО көрмесіне қатысқан бірінші қазақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда елордада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтіп жатқаны белгілі. Осы орайда атақты әнші Әміре Қашаубаев 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесіне Қазақстан тарихында бірінші болып қатысты. Бұл туралы Астана қаласында ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері Лаура Үсенбек мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.