Шымкентте Елбасы туралы қос кітаптың тұсауы кесілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкенттегі облыстық орыс драма театрында «Асқақтай бер, Астана!» атты салтанатты іс-шара өтті. Шара аясында еліміздің тәуелсіздігі мен тарихын, жетістіктерін насихаттайтын «Жаһан таныған жеті тұлға», «Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих» атты қос кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлады ҚазАқпаратқа ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен.