ШҚО-да пара алған департамент басшысына 6,3 миллион теңге айыппұл салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында ҚР Ивестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ШҚО бойынша департаментінің бұрынғы басшысы мен аталған ведомствоның бөлім басшысы 300 АҚШ доллары мөлшерінде пара алғаны үшін заңға тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.