Бақытжан Сағынтаев: Аграршылар өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруы керек
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев СҚО Қызылжар ауданының Новоникольский ауылындағы кездесуде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен АӨК дамыту жаңа мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын талқылады, деп хабарланды ҚР Үкіметінің ресми сайтында.