Бүгін елдің 7 облысында дауыл тұрып, бұршақ жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 21 шілде күні Қазақстанның басым аймағында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Сондай-ақ жел күшейіп, дауыл тұратыны күтілуде. Республиканың солтүстік, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Ал елдің оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.