Қызылордада үш жылда 99 жоба іске қосылады
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Облыста ауылшаруашылық өндірістік кешенін дамыту мен экспорттық әлеуетті арттыру бағытында 2017-2020 жылдар аралығында 30 млрд теңге көлеміндегі 99 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы облыстық ауылшаруашылығы басқармасының есебінде баяндалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.