Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.