«Астана Операда» флейташылар ансамблі әнші Жылтыркөзовпен бірге концерт қояды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 тамызда «Астана Опера» театрының Камералық залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Азамат Жылтыркөзов (баритон) пен Қ. Жұмакенов атындағы флейташылар ансамблі «Ғажайып үннің шарықтауы» атты бірегей концерт өтеді.