Алматы облысының әкімі жастармен футбол ойнады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғандағы «Жетісу» орталық стадионында Спорт күні аясында «Жетісу» футбол орталығының тәрбиеленушілері мен футбол клубының негізгі құрамы арасында жолдастық кездесу өтті. Жасөспірім футболшылар командасы құрамында облыс әкімі Амандық Баталов ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.