Бүгін Қазақстанның басым аумағында қатты ыстық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 тамыз күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жекелеген өңірлерде жел күшейеді, батыста және оңтүстікте жел шаңды дауылмен көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.