Бүгін Серік Ахметовті бостандыққа шығару туралы қаулы күшіне енеді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -Қазақстанның экс-премьер-министрі Серік Ахметовтің нақты жаза мерзімін бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыру туралы Қарағанды облысы Абай аудандық сотының қаулысына апелляциялық шағым түспегендіктен, сот шешімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.