«Орал» әуежайының терминалы 1,5 млрд теңгеге жаңғыртылмақ
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Орал» халықаралық әуежайының терминалы 1,5 млрд теңгеге жаңғыртылмақ. Бұл туралы бүгін «WestKazInvest-2017» IV халықаралық инвестициялық форумы барысында «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ мен «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС арасында келісімге қол қойылған кезде белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.