Үкімет басшысы Оңтүстік Қазақстанды дамыту жолдарын талқылады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңір жұртшылығының қатысуымен туризм мен кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту мен еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады PrimeMinister.kz сайтынан.