Қазақстанда екі көлік жолын қайта жөндеуге 319,2 млн доллар жұмсалады 29.09.2017 22:30 Казинформ АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Күрті-Бурылбайтал» және «Ұзынағаш-Отар» көлік жолдарын қайта жөндеуге 319,2 млн АҚШ доллар жұмсалады, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.