Қостанайда 19 тәртіп сақшысы парамен ұсталды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында өз лауазымын асыра пайдаланып, пара алу мәселелері жол көлік оқиғаларында жиі кездеседі. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысы Ерлан Салықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.