Қан қысымының көтерілуіне жол бермейміз
Жоғары қан қысымы – бүгінгі күні кең тараған жүрек-қан тамыр ауруы. Ересек адамдардың 20-30 пайызы осы сырқаттан зардап шегеді. Жас ұлғая келе бұл аурудың жиілігі артып, 65 жастан асқан адамдардың 50-65 пайызында байқалады.