Сенбіде Қазақстанда кей жерлерінде жел күшейіп, көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 қарашада антициклонның әсеріне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа- райы күтіледі, тек батысында, шығыста және солтүстігінде жауын-шашынды ауа райы болады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.