Қазақстанда дүйсенбі күні тұман түсіп, көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Антициклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде дүйсенбі күн ашық болады, тек елдің солтүстік батысы мен солтүстігінде қар не жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.