ОҚО-да алғаш рет «Достық көкпары» ұйымдастырылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет «Достық көкпары» ұйымдастырылды. Түрлі ұлт өкілдері жастарының басын қосқан ұлттық ойынның өтуіне облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыс әкімдігіне қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесі мұрындық болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.