Астанада Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыртқы істер министрлігінде Сыртқы саяси ведомство басшысы Қайрат Әбдірахмановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның 14-отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.