World News in Kazakh

Синоптиктердің 21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қаңтар күні антициклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Елдің тек батысында, солтүстік-батысында аздаған қар күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман болжанады. Батыста көктайғақ, солтүстік батыста кей жерлерде жаяу бұрқасын жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Читайте на сайте