Жертөледе еңбек пәнін оқып келген оқушылар мәселесі толықтай шешілді - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - БАҚ беттерінде жарияланған «Қызылордалық оқушылар мектептің жертөлесінде сабақ оқуға мәжбүр болған» атты мақалада Жаңақорған кентінде орналасқан №169 мектептің оқушылары мектеп ғимаратының жертөлесінде еңбек пәні сабақтарын оқып жатқандығы туралы айтылған болатын. Осы оқиғаға байланысты ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасына хабарласып, мән-жайды білген еді.